2026 жылғы 20 мамыр күні Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі базасында WorldSkills Kostanay-2026 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының «Мейрамхана сервисі» құзыреттілігі бойынша екінші конкурс күні жалғасуда. Конкурс бағдарламасы аясында қатысушылар келесі модульдер бойынша кәсіби дағдыларын көрсетеді: классикалық кофені дайындау; қиял-кофені дайындау, безендіру және ұсыну; классикалық коктейльді дайындау, безендіру және ұсыну; сондай-ақ авторлық алкогольсіз коктейльді дайындау, безендіру және ұсыну. Конкурстық тапсырмалар қатысушылардың кәсіби даярлық деңгейін, технологиялық сауаттылығын, шығармашылық қабілетін, сервис стандарттарын сақтауын және сусындарды ұсыну мәдениетін бағалауға бағытталған. Барлық қатысушыларға конкурс тапсырмаларын сәтті орындап, өз күшіне сенімді болуын және WorldSkills Kostanay-2026 чемпионатында лайықты нәтижелерге қол жеткізуін тілейміз.

Карта сайта