2026 жылғы 20 мамырда Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі базасында «Мейрамхана сервисі» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kostanay-2026 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының екінші жарыс күні өтуде. Конкурс бағдарламасы аясында қатысушылар сусындарды дайындау және ұсыну бойынша кәсіби дағдыларын көрсетіп, классикалық және фантаазиялық кофе, классикалық коктейль, авторлық алкогольсіз коктейль дайындау модульдерін орындауда. Конкурстық тапсырмалар қатысушылардың кәсіби шеберлігін, креативті көзқарасын, қызмет көрсету мәдениетін және мейрамхана сервисі стандарттарын сақтау деңгейін бағалауға бағытталған. Қатысушыларға сенімділік, барлық модульдерді сәтті орындап, WorldSkills Kostanay-2026 чемпионатында жоғары нәтижелер көрсетуіне тілектеспіз!

Карта сайта