2026 жылғы 30 сәуірде «Оңтүстік» филиалының қызметкерлері Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде ПС-25/2 және ОДП-25 топтарының студенттеріне арналған «Достық, бейбітшілік, махаббат пен бауырластықты жүрегімізде сақтайық» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шараның спикері ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі Мурзагалиев Руслан Жусупбекович сөз сөйлеп, мемлекеттегі бейбітшілік, келісім және бірліктің маңыздылығы туралы әңгіме жүргізді. Іс-шара аясында өнерпаздар музыкалық нөмірлерін ұсынды: Мухан Самира «Балбырауын» күйін орындаса, Умуркулов Фархад «Балес» әнін орындады. Студенттер елімізді мекендейтін халықтармен, олардың тарихымен, салт-дәстүрлерімен, ұлттық тағамдарының ерекшеліктерімен және дәстүрлі киім үлгілерімен танысты. Ерекше қызығушылық тудырған шығармашылық тапсырма барысында студенттер «Достық ағашына» бейбітшілік пен достық туралы ізгі тілектерін жазды.

Карта сайта