«Адал Азамат» тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінің 1-курс студенттері орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Семёнова И.В.-ның жетекшілігімен В. Катаевтың «Синий платочек» пьесасы бойынша спектакль дайындап, көрермен назарына ұсынды. Ағымдағы жыл студенттік театр үшін мерейтойлық жыл болып табылады-бұл ұжымның бесінші қойылымы. Спектакльді дайындау барысында білім алушылардың шығармашылық әлеуетін анықтауға, олардың актерлік және көркемдік қабілеттерін ашуға мүмкіндік туды. Қойылымда театрлық ойын, музыкалық нөмірлер, поэзиялық шығармалар мен би композициясы үйлесімді түрде біріктіріліп, көрермендер тарапынан үлкен қызығушылық пен оң пікірге ие болды.

Карта сайта