2026 жылғы 13 мамырда Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде «Мейрамхана сервисі» құзыреттілігі бойынша «Ақ ерке» мектепке дейінгі ұйымы тәрбиеленушілері арасында дәстүрлі BabySkills балалар чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.Чемпионатқа мектепке дейінгі ұйымның 6 тәрбиеленушісі қатысты. Байқау бағдарламасы аясында қатысушылар «Қызмет көрсетуге дайындық», «Тағамдар мен сусындарды дайындау және безендіру», «Келушілерге қызмет көрсету» модульдері бойынша тапсырмалар орындайды. BabySkills чемпионатын өткізу балаларға ерте кәсіптік бағдар беруге, шығармашылық қабілеттері мен коммуникативтік дағдыларын дамытуға, сондай-ақ қызмет көрсету саласындағы мамандықтарға қызығушылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді. Барлық қатысушыларға сәтті өнер көрсетіп, жарқын әсер мен жоғары нәтижелер тілейміз.
Телефондары
110000, Қостанай қ.,
Н.Назарбаев даңғ., 68
Тел факсі: 8 7142 54-28-15
Қабылдау кабиентінің
тел: 8 7142 54-28-15
Абай даңғ., 23
Тел факсі: 8 7142 22-28-33
Қабылдау кабиентінің
тел: 8 7142 22-28-33
Эл. поштасы:
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.



