2026 жылғы 14 мамырда Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде мектеп оқушылары арасында «Ресторандық сервис» құзыреттілігі бойынша Junior Skills чемпионаты өтті. Іс-шара жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, білім алушылардың кәсіби дағдыларын дамытуға және қызмет көрсету саласы мамандықтарын насихаттауға бағытталды. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан белгіленген міндеттерге сәйкес жүзеге асырылды. Чемпионатқа 6 мектеп оқушысы қатысты. Конкурстық бағдарлама аясында қатысушылар келесі бағыттар бойынша практикалық дағдыларын көрсетті: майлықтарды бүктеу тәсілдері, тақырыптық үстелді сервистеу, жеміс табағын безендіру, авторлық коктейльді дайындау, рәсімдеу және ұсыну, сондай-ақ қонақтарға үстелде қызмет көрсету. Чемпионатты өткізу мектеп оқушыларының жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға, қызмет көрсету мәдениетін қалыптастыруға және қатысушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіруге ықпал етті.
Телефондары
110000, Қостанай қ.,
Н.Назарбаев даңғ., 68
Тел факсі: 8 7142 54-28-15
Қабылдау кабиентінің
тел: 8 7142 54-28-15
Абай даңғ., 23
Тел факсі: 8 7142 22-28-33
Қабылдау кабиентінің
тел: 8 7142 22-28-33
Эл. поштасы:
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.



