2026 жылғы 10 сәуірде Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» циклдік әдістемелік комиссиясының технологиялық апталығы аясында «Ұрпақтар сабақтастығы» атты шеберлік сабағы өткізілді. Колледж түлектері Кривошеев Олег пен Копжасаров Ернар өндірістік оқыту шеберлері Кожахметова А.К. және Ковальчук И.И.-нің жетекшілігімен бірінші курс студенттеріне практикалық сабақ өткізіп, асшаян қосылған ньокки, панцанелла салаты және саңырауқұлақ пен тауық еті қосылған паста дайындау технологиясын көрсетті.Шеберлік сабағы студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және тәжірибелік тәжірибе алмасуға бағытталды.

Карта сайта