2025 жылғы 6-8 қараша аралығында Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі студенттері Рудный қаласында өткен колледждер арасындағы шахматтан облыстық спартакиада кезеңіне қатысып, командалық есепте құрметті үшінші орынды иеленді. Команда құрамында: Жамалиденова Альбина, МЗ-24; Қенесхан Диана, МЗ-25; Полешко Антон, МЗ-25; Кнуренко Андрей, ЭМО-25. Қатысушылар жоғары шеберлік деңгейін, ұйымшылдықты көрсетті және колледж намысын облыс деңгейінде лайықты қорғады.

Карта сайта