Хабарландыру  «Медициналық техниканы құрастыру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері лауазымына орналасу үшін конкурс өткізіледі   Білім беру ұйымының атауы - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық мекемесі.Орналасқан жері, пошта мекенжайы – 110000 индексі, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 68 үй.Телефондар: 8-7142-54-28-15 (қабылдау бөлімі), 8-7142-54-10-32 (вахта).Электрондық пошта мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.Бос лауазымның атауы – «Медициналық техниканы құрастыру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері 1 штаттық бірлікке – 1 бірлік (уақытша жоқ жұмысшыны ауыстыру кезеңінде).Негізгі қызметтік міндеттер: - өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды өткізеді;- сабақтарға қажетті құрал-жабдықтар мен сәйкес жабдықтаманы дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді;- еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, білім алушылардың озық еңбек әдістерін меңгеруін, заманауи техника мен өндіріс технологиясын меңгеруін, құрал-жабдықтарды қызмет көрсету мен пайдалануын, материалдық және энергетикалық ресурстарды үнемдеуін қамтамасыз етеді;  - білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды;- өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға, сондай-ақ топтағы тәрбие жұмысына байланысты жоспарлау, есепке алу және есептілік бойынша құжаттамаларды жүргізеді;- білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді;- оқу шеберханаларын жабдықтармен, құрал-саймандармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету шараларын қабылдайды;- технологиялық құжаттаманы, сызбаларды, эскиздерді, үлгілерді дайындайды; - оқу процесінде ғылыми-әдістемелік ұсынымдарды, озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені пайдаланады;- білім алушылардың еңбек қорғау, техника қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтауын бақылайды;- техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық жүргізеді; - әдістемелік комиссиялар мен бірлестіктердің жұмысына қатысады.Еңбекақы мөлшері мен төлеу шарттары – салықтарды ұстап қалуға дейінгі жалақы мөлшері 129 259 теңгеден басталады (білім деңгейіне, мамандық бойынша еңбек өтіліне, біліктілік санатының болуына және т.б).  Біліктілік талаптары – тиісті мамандық бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім, еңбек өтіліне талап қойылмайды.Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 29 қазаннан 06 қарашаға дейін.Құжаттар тізімі (электрондық немесе қағаз түрінде беріледі):1) Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығы мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтарын тағайындау, босату ережелерінің 3 қосымшасына сәйкес формада конкурсқа қатысу туралы өтініш және оған қоса қосымша құжаттардың тізімін көрсету;2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (идентификация үшін);3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылық-ты мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып - бар болса);4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін білім туралы құжаттардың көшірмелері, Типтік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген;5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқару-шысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарды динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;8) наркологиялық науқастарды динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыста-ғы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);10) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және босату қағидаларына 17 , 18 қосымшаларға сәйкес педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.11) алдыңғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат.Ескерту: техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымында арнайы пәндер оқытушысы және өндірістік оқыту шебері лауазымында педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан босатылады;жоғарыда аталған құжаттар тізбесінен бір құжаттың болмауы кандидаттың құжаттарын кері қайтаруға негіз болып табылады;Кандидат, егер бар болса, өз біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша мәліметтерді ұсынады (біліктілікті арттырғаны туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар берілгені туралы құжаттар, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы куәліктер).

Карта сайта