2025 жылғы 21 мамырда «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМҚК-да «Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша WorldSkills-2025 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Жарысқа Қостанай облысы колледждерінің алты студенті қатысты.
Бірінші күні қатысушылар конкурстық модульдерді орындады:
1.Боялған ұзын шашқа арналған әйелдер шаш үлгісі.
2.Машинкамен жасалған ерлердің классикалық шаш қиюы.
3.Ерлерге арналған перманент, шаш қию және сәндеу.су және сәндеу.
Чемпионат Қазақстан Республикасында жарияланған жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған, бұл кәсіби дағдыларды дамыту мен білікті кадрларды даярлаудың маңыздылығын көрсетеді. Іс-шара жұмысшы мамандықтарын танымал етуге, тәжірибеге бағдарланған оқытуды дамытуға және жастардың әлеуетін ашуға ықпал етеді.
Чемпионатқа қатысу шеберлікті көрсетуге, тәжірибе алмасуға және өз жұмысының сараптамалық бағасын алуға мүмкіндік береді.
Қатысушыларға сенімділік, шабыт, адал күрес және лайықты жеңістер тілейміз!

Карта сайта