Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі кітапханасында “Кітапхана шақырады: ашық, қызықты, танымдық!” атты іс-шара өтті
«Адал азамат» жобасы аясында колледж кітапханасында бірінші курс студенттеріне арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқырмандық мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен кітапқа құрмет сезімін тәрбиелеу болды.
Студенттер кітапхана холлында ұйымдастырылған көрмелермен танысып, кітапхананың жұмыс тәртібі, кітап қоры, сондай-ақ оқырмандардың құқықтары мен міндеттері туралы толық ақпарат алды.
Іс-шараға бірінші курс топтары белсенді қатысты.
Мұндай кездесулер студенттердің танымдық қызығушылықтарын арттырып, кітап пен кітапханаға деген құрметті қалыптастыруға, өзін-өзі жетілдіруге ықпал етеді.



