Жұмысшы мамандықтар жылы аясында және Еңбек күні қарсаңында Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде бірқатар іс-шаралар өткізілуде.
Осындай іс-шаралардың бірі бүгін колледждің әлеуметтік серіктесі-“Апельсин” сауда орталығы базасында өтті.
Кәсіпорын басшылығы студенттерге экскурсия ұйымдастырып, олардың жұмыс барысымен және өндірістік үдерістермен танысуына мүмкіндік берді.
Мұндай кездесулер білім алушылардың болашақ мамандықтарының ерекшеліктерін терең түсінулеріне және табысты жұмысқа орналасуға деген ынталарын арттыруға ықпал етеді.



