2025 жылғы 23 маусымда “Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі” КМҚК жұмысшы мамандықтар жылын өткізу шеңберінде оқушылар үшін кәсіптік бағдар беру іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара аясында “Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №17 орта мектебі” КММ оқушылары “АЗУРИТ” ЖШС кәсіпорнына барды.
Кездесу барысында кәсіпорын басшысы С.В. Шипилкина оқушыларды ұйымның қызметімен таныстырып, даму перспективалары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Колледж атынан іс-шараға өндірістік оқытудың аға шебері М.Ю. Югай және өндірістік оқыту шебері Ю.Г. Ефимова қатысты.