2025 жылғы 19 маусымда СКД-23 тобының 2 курс студенттерімен емтихандарды дайындау және тапсыру кезеңінде эмоционалдық шиеленісті төмендетуге бағытталған тренинг өткізілді. Іс-шара «Психологиялық қолдау және тәрбие жұмысының Өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КММ маманының қатысуымен өтті.
Тренинг барысында белсенді оқыту әдістері қолданылды: рөлдік ойындар, пікірталастар, сондай-ақ релаксация жаттығулары. Іс-шараның мақсаты Өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту, өзіне деген сенімділікті арттыру және студенттердің мазасыздық деңгейін төмендету болды.