2025 жылғы 17 маусымда “Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі” КМҚК-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға арналған білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын СПК-23/1 тобының студенттері үшін практикалық жұмыс нысанында қорытынды емтихан өтті.
Қорытынды аттестаттауды өткізу шеңберінде студенттер кәсіби тапсырмалардың мынадай түрлерін орындады: шикізатты өндіріске дайындау, қамыр илеу, бұйымдарды қалыптау, пісіру және дайын өнімді беру. Жұмыстың барлық кезеңдері білім беру бағдарламасының талаптары мен біліктілік сипаттамаларына сәйкес практикалық дағдылар мен кәсіби дайындық деңгейін тексеруге бағытталған.

Карта сайта