2025 жылғы 3 маусымда WorldSkills-2025 өңірлік чемпионатының жабылу салтанаты өтті. Жарияланған жұмысшы мамандықтар жылы аясында іс-шара өңірдің барлық кәсіби қоғамдастығы үшін маңызды оқиға болды.
“Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі” КМҚК өз студенттерінің дайындығы мен кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейін көрсете отырып, чемпионатқа белсенді қатысты. Колледж 20 құзыреттілікте өнер көрсетіп, лайықты нәтижелер көрсетті: жарыс қорытындысы бойынша колледж командасы 7 алтын, 8 күміс, 10 қола, сондай-ақ 2 медальон жеңіп алды.
Қатысушыларға, оқытушыларға, тәлімгерлер мен сарапшыларға ұйымның жоғары деңгейі, конкурсанттарды даярлағаны және кәсіптік білім беруді дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіздің еңбегіңіз, мақсаткерлігіңіз бен іске адалдығыңыз жастарға лайықты үлгі болып табылады.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді лайықты наградаларымен құттықтаймыз және одан әрі табыс, шабыт және жаңа кәсіби шыңдар тілейміз!

Карта сайта