2025 жылғы 1 маусымда Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінің студенттері дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Жумабаев С.А. жетекшілігімен «Нашақорлыққа ЖОҚ дейміз» ұранымен өткен велошеруге қатысты.
Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, жастардың зиянды әдеттерге қарсы көзқарасын қалыптастыруға, сондай-ақ студенттердің дене және моральдық саулығын нығайтуға бағытталды. Велошеруге қатысу-жастардың белсенді азаматтық ұстанымының және қауіпсіз, салауатты болашаққа ұмтылысының айқын көрінісі болды.

Карта сайта