Қазақстан Республикасындағы Еңбек мамандықтары жылы аясында 2025 жылғы 27-30 мамыр аралығында Алматы қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында WorldSkills-2025 республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Костанай қызмет көрсету саласының колледжінің өндірістік оқыту шебері-Тажекенова Рауан Райысқызы «Киім дизайны» құзыреттілігі бойынша құрметті үшінші орынға ие болды.
Рауан Райысқызын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық шабыт, кәсіби табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Карта сайта