2025 жылғы 27 мамырда «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМҚК-да «Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша BabySkills-2025 кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.
Чемпионатқа балабақша тәрбиеленушілері қатысып, келесі конкурстық модульдер бойынша өз шығармашылықтарын көрсетті:
1.Құралды болжау
2.«Екі құйрық» шаш үлгісі
3.Шашты безендіру
Іс-шара Қазақстан Республикасында жарияланған Жұмысшы кәсіптер жылы аясында ұйымдастырылды және балалардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға, қолданбалы дағдыларды ерте жастан дамытуға бағытталған.

Карта сайта