2025 жылғы 22 мамырда КГКП «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» WorldSkills-2025 кәсіби шеберлік бойынша өңірлік чемпионатының «Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша соңғы күні өтті.
Бүгін қатысушылар келесі байқау модульдері бойынша өз дағдыларын көрсетті:
1.Ерлерге арналған креативті шаш қию-бояу және сәндеумен бірге.
2.Әйелдерге арналған коммерциялық шаш қию-бояумен бірге.
3.Канекалонмен ұзын шашқа арналған сәнді шаш үлгісі.
Аталған байқау Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізіліп отыр. Бұл бастама қызмет көрсету саласындағы практикалық дағдылар мен кәсіби шеберліктің маңыздылығын айқындайды.

Карта сайта