Жұмысшы мамандықтарының беделі мен маңыздылығын арттыруға бағытталған жұмысшы мамандықтар жылын өткізу шеңберінде “Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі” КМҚК-да “Мейрамхана сервисі” құзыреттілігі бойынша WorldSkills-2025 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты аяқталды. Екі күн ішінде алты қатысушы түрлі конкурстық тапсырмаларды орындады.
Қатысушылар кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін, мейрамхана сервисінің заманауи стандарттары мен технологияларын меңгергендігін, сондай-ақ тұрақты кәсіби өсуге ұмтылыстарын көрсетті. Чемпионатты өткізу жұмысшы кәсіптерінің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді, жастардың кәсіптік білімге деген қызығушылығын ынталандырады және білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтады.