2025 жылғы 19-20 мамырда Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінің базасында жұмысшы мамандықтар жылы аясында “Электроника Юниор”, “Сән технологиясы Юниор” және “Шаштараз өнері Юниор”құзыреттіліктері бойынша Junior Skills өңірлік чемпионаты өтті. Жарысқа бірінші курс студенттері мен қаланың сегіз мектебінің оқушылары қатысты. Бұл іс-шаралар ерте кәсіби бағдарлауға, жастардың практикалық дағдылары мен шығармашылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ өскелең ұрпақ арасында жұмысшы мамандықтарын танымал етуге бағытталған.