Колледж кітапханасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығына арналған «Есімдер. Ерлік. Естелік» атты көрме ұйымдастырылды.
Экспозиция үш тақырыптық бөлімнен тұрады:
Қазақстанның батырлары-бұл бөлімде Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақстандық жауынгерлер жайлы мәліметтер ұсынылған.
Біздің жерлестер-Кеңес Одағының Батырлары-бұл бөлімде Қостанайлық Кеңес Одағының Батырлары туралы ақпарат берілген.
Естелік кітабы-бұл бөлім колледж қызметкерлерінің соғысқа қатысқан және тылда еңбек еткен туыстары туралы мәліметтерден тұрады. Экспозицияда арнаулы пәндер оқытушысы Кожаниязова Замзягуль Доскалиевнаның атасы-Оспанов Кажен Ғұмарұлының соғыс жылдарындағы құжаттары қойылған.
Көрмеде Ұлы Отан соғысының 42 батыры туралы материалдар ұсынылған.
Көрме 31 мамырға дейін жалғасады.
Баршаңызды көрмені көруге шақырамыз!