Серпін» республикалық жобасы аясында Қостанай облысы колледждері педагогтарының жұмыс тобы 2025 жылғы 14-18 сәуір аралығында Түркістан облысы Сарыағаш ауданында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Сарыағаш білім бөлімінің бас маманы Ерлан Қошкинбаевқа, әдіскер Азамат Әбубәкірұлы Рысбаевқа, сондай-ақ аудан мектептерінің директорларына, орынбасарлары мен педагогтеріне осы іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге белсенді атсалысқаны үшін ерекше алғыс айтылады.
Сіздің ынтымақтастығыңыздың арқасында Қостанай облысының колледждеріне талапкерлерді қабылдау бойынша сапалы жұмыс жүргізілді. Өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастырамыз деп үміттенеміз және біздің оқу орындарының қабырғасында оқушыларыңызды асыға күтеміз!