2025 жылдың 11 сәуірінде «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМҚК базасында «№ 18 мектеп-гимназия» ММ 9-сынып оқушыларына арналған «Электр жабдығы» мамандығы бойынша кәсіби сынамалар өткізілді. Өндірістік оқыту шебері С.М. Амергалиев мамандық туралы айтып, сабақ элементтерін көрсетіп, балаларға құрал-саймандармен және жабдықтармен жұмыс істеуді ұсынды. Мұндай іс-шаралар оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектеседі.