Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі

оқуға шақырады

«Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМҚК

 

2021-2022 оқу жылына келесідей біліктіліктер бойынша қабылдауды жариялайды:

 

9 сынып негізінде

Бюджеттік және коммерциялық негізде

 

  • Әкімші
  • Аспазшы
  • Кондитер-безендіруші
  • Қант өнімдерінің кондитері
  • Сатушы
  • Наубайшы
  • Ет өнімдерін өндіру желісінің операторы

 

Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай

Колледж түлектері кафелерде, мейрамханаларда, дүкендерде, аспаздықтарда, наубайханаларда, қонақ үй кешендерінде, тамақ өнеркәсібінде жұмыс істейді.

Студенттерге оқу үшін барлық жағдай жасалған: дәрісханалар мен зертханалар, студенттік асхана, жатақхана, спорт қалашығы.

 

Қостанай қ. Н.Назарбаев даңғылы, 68   

т. 87142-541032, 542815 (факс)

сайт: kksfo.edu.kz        e-mail: kksfo@mail.kz

 

 

Әкімші

         Компанияның немесе ұйымның персоналын жалпы басқаруын жүзеге асыратын, сонымен қатар өндіріс үрдісін бақылайтын білікті маман.

 

Аспазшы

Осы біліктілігі бар маман заманауи жабдықты қолдана отырып тағам дайындау технологиясы саласында білімге ие; аспаздық өнімдерді дайындау дағдыларын алуды қамтамасыз етеді: бірінші тағамдар, ұлттық тағамдардың түрлерін дайындау ерекшеліктерін, термиялық өңдеу кезінде өнімдерде болатын үрдістерді зерттейді.

   

Кондитер-безендіруші

Кондитерлік өнімдерді, десерттерді және басқа да өнімдерді жасайтын маман. Бұл кәсіптің өкілдерін ірі қонақ үйлерден, мейрамханалардан және наубайханалардан табуға болады.

 

Қант өнімдерінің кондитері

Шоколад өнімдерін, глазурь, мармелад, зефир және басқа да өнімдермен айналысатын кәмпит, драже корпустарының беттерін өңдейтін маман.

 

Сатушы

Бұл сауда кәсіпорнында жұмыс істейтін және тұтынушыларға бірқатар қызметтер көрсететін тұлғаның аты. Атап айтқанда, оның функциясына сатып алуды жүзеге асыруға және тауарларды мүмкіндігінше тез және ыңғайлы таңдауға, сондай-ақ оның салмағын, бағасын және орамасын анықтауға көмектесу кіреді.

 

Наубайшы

 Бұл нан және нан өнімдерін пісіретін маман. Нан-тоқаш өндірісінде мұндай қызметкер нан, тоқаш, бөлке нан және басқа да нан түрлерін өндірумен айналысады.

 

 Ет өнімдерін өндіру желісінің операторы

Тамақ өңдеу өнеркәсібі саласының маманы. Ет өнеркәсібі кәсіпорындарының мамандары құс, қоян етін дайындауды, ет шығарумен, ет консервілерін, шұжықтар, жартылай фабрикаттар (котлеттер, тұшпара, аспаздық өнімдер) шығаруды орындайды.

 

Біздің колледімізде білім алуға шақырамыз!

 

 

 

Карта сайта